Оқушылар сабақтан себепсіз қалса, ата-анасына айыппұл салынатыны рас па
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде "балалар сабақтан себепсіз қалса, оқушылардың ата-анасына айыппұл салынады" деген ақпарат тарап жатыр. StopFake.kz порталының мәліметінше, бұл жалған ақпарат.
"Менің мектепте "Болашақ" бағдарламасын енгізуге қатысты сұрағым бар. Бізден баланың қандай емханаға тіркелгені туралы деректерді талап етуде. Сабаққа келген-келмегені туралы деректерді жинайды екен. Егер бала себепсіз келмесе, айыппұл салады. Бұл бағдарламаға қатысудан бас тартуға бола ма?", - делінген желідегі хабарламада.
Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, елімізде мұндай жаңашылдықтар енгізу жоспарланбаған.
"Біз бұл ақпаратты растамаймыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тараған еді.
Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті теріске шығарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956202-oqusylar-sabaqtan-sebepsiz-qalsa-ata-anasyna-aiyppul-salynatyny-ras-pa/