Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Самұрық-Қазына" басшысы Маңғыстаудағы ереуілге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Алмасадам Сатқалиев
Алмасадам Сатқалиев. Фото: sk.kz

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сатқалиев үкімет отырысында Маңғыстау облысында еңбекақыны көтеруді талап етіп көшеге шыққан тұрғындардың мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сатқалиевтің мәліметінше, Маңғыстау облысындағы мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Қазір құрылған топ өңірде және жұмысшылардың жалақыны көтеру туралы талабына қатысты мәселелерді шешуде.

"Жағдайы күрделі, бірақ жалпы алғанда бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда", - дейді ол.

Атап айтқанда, оның дерегінше, Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындарын "Өзенмұнайгаз" компаниясына жұмысқа орналастыру жүйесі жасалған.

Бұл схема бойынша бос орындарға коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері мен жұмыссыздар аутстаффинг маманы ретінде қабылданады. Соңғы уақыттарда осы схемамен 435 адам жұмысқа қабылданған.

Сонымен қатар, жұмыссыздарды "ҚазМұнайГаздың" ірі мердігерлік ұйымдарына жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

"Жұмысшылар санының қысқаруына жол бермеу үшін барлық мердігерлер жұмыс көлемімен қамтамасыз етілген. 90-нан астам мердігер ұйымдармен жұмыс жүргізілуде, қазірдің өзінде 129 қосымша келісімге қол қойылды. Жалақыны көтеру шаралары қабылдануда және ол 19 мыңнан астам қызметкерді қамтиды. Орта есеппен алғанда жалақы 35-40 пайызға өспек", - дейді Алмасадам Сатқалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956218-samuryq-qazyna-bassysy-mangystaudagy-ereuilge-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel