Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"22.02.2022": Өскеменде ерекше датада некеге тұру үшін 50 шақты жұп өтініш берген

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: Pexels com

Өскеменде 22 ақпан күні 50 шақты жұп шаңырақ көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның жазуынша, жыл сайын ғашықтар ерекше датада некеге тұрып, шаңырақ көтергенді құп көреді екен.

Мәселен, биыл өскемендік жастар ерекше дата ретінде 22.02.2022 таңдаған.

"Бұл датада некеге тұру үшін шамамен 50 шақты өтініш берілді", - дейді қалалық азаматтық  хал актілерін тіркеу бөлімінен.

АХАТ қызметкерлерінің сөзінше, басқа күндері некеге тұратындар саны айтарлықтай көп болмайды.

Орта есеппен алғанда дүйсенбі күндері 20-30 жұп некеге тұрса, басқа күндері 5-10 жұп ерлі-зайыпты атанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956307-22022022-oskemende-erekse-datada-nekege-turu-usin-50-saqty-zup-otinis-bergen/