Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жылу жүйесінің құдығынан ер адам табылды

Опубликовано:

Ер адам
Фото: Pavlodarnews.kz

Павлодарда жылу жүйесінің құдығынан ер адам табылды. Оған дер кезінде қайта әлеуметтендіру орталығының мобильдік тобы көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, орталықтардың директорларымен кеңес өткізілгеннен кейін мобильдік топ белсенді жұмысқа кіріскен.

"Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған адам туралы хабарлады. Иса Байзақов көшесіндегі №145 үйдің сыртындағы жылу жүйесінің құдығынан 1954 жылы туған азамат Талап Ильясов Шаймерденович табылды. Ер адам өздігінен жүре алмайды және құдықтан шығуға шамасы келмеді", - дейді бөлімде.

Орталықта ер адамға қажетті әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы Павлодар қаласы, Космонавтар көшесі, 1/50 мекенжайында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956458-pavlodarda-zylu-zuiesinin-qudygynan-er-adam-tabyldy/

pixel