Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің тағы екі облысы "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.

17 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары;
  • "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетсек, елімізде өткен тәулікте 1349 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Осылайша, ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1 295 250-ге жетіп отыр.

Соңғы мәлімет бойынша 42 319 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 5 684 пациент стационарда, 36 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 299 адамның жағдайы ауыр, 126 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 97 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956505-koronavirus-elimizdin-tagy-eki-oblysy-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel