Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келесі оқу жылынан бастап IT саласы бойынша білім алғысы келетін талапкерлер ҰБТ-да физикадан тест тапсырмайды

Жарияланған күні:

ҰБТ
Көрнекі фото: pixabay.com

Келесі оқу жылынан бастап IT саласы бойынша білім алғысы келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-ларда IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне "Информатика" пәнін енгізу туралы көптеген өтініш түскен.

"Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар" және "Ақпараттық қауіпсіздік" білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да "Математика+Физика" орнына "Математика+Информатика" комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады", - дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, министрлік 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала беретінін хабарлады.

Дегенмен, пилот ретінде талапкерлер дайындық бағыттарына түсу үшін (Наурыздағы ҰБТ кезінде) "Математика+Информатика" комбинациясын таңдай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956785-kelesi-oqu-zylynan-bastap-it-salasy-boiynsa-bilim-algysy-keletin-talapkerler-ubt-da-fizikadan-test-tapsyrmaidy/