Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік әйел әуежайда ішінде 4 мың доллары бар сөмкесін ұмытып кеткен

Жарияланған күні:

ФОто
Фото: instagram.com/koliktegi_pd

Шымкент тұрғынына ішінде 4 мың АҚШ доллары салынған сөмкесі қайтарылды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.

Шымкент тұрғынының сөзінше, 7 ақпанда Түркістан әуежайында Стамбұл рейсіне отырғызу кезінде күту залында сөмкесін ұмытып кеткен. Оның ішінде 4 мың АҚШ доллары болған (1,7 млн теңге).

Түркістан әуежайы желілік полиция бөлімінің бастығы Нұралы Нұржігіт пен Қайрат Құшан қызметтік міндетін орындау кезінде залда қалған затты байқап, оны иесіне қайтарып берген.

Келіншек полиция қызметкерлеріне қырағылығы мен өз қызметіне деген жауапкершілігі үшін алғыс айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда 23 жастағы такси жүргізушісі жолаушыларға көлікте ұмытып кеткен 1,5 млн теңгесі мен алтын бұйымдарын қайтарып бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956813-symkenttik-aiel-auezaida-isinde-4-myn-dollary-bar-somkesin-umytyp-ketken/