Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде болған қауіпті қылмыскер Атырауда ұсталды

Опубликовано:

Атырауда ұсталды
Көрнекі фото: pexels.com

2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Атырау қаласында қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрхат Оразбаев аталған ақпаратты растап отыр.

Оның сөзінше, қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 35 жастағы Өзбекстан азаматын қолға түсірген.

Тәртіп сақшылары халықаралық іздеу салынған шетел азаматы Атырауға ақпан айының басында келгенін анықтады.

Бұл мәліметті олар ішкі істер министрлігі көші-қон ақпараттық базасы арқылы таптық, дейді.

Айта кетейік, он жылдан астам уақытта ұсталған Өзбекстан азаматына 2011 жылы Ресей Федерациясының федеральдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қылмыстық кодекстің 322-бабы 1-бөлігімен іздеу салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956850-10-zyldan-astam-uaqyt-xalyqaralyq-izdeude-bolgan-qauipti-qylmysker-atyrauda-ustaldy/

pixel