Медеуге барар жолдан қару-жарақ арсеналы табылды (фото)
Жарияланған күні:
Алматының полиция қызметкерлері Медеуге барар жолдан қару-жарақ пен граната тауып алды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманова өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Оның сөзінше, қару-жарақ жасырылған жерді ҚАЖД ЛА - 155/18 мекемесінің қызметкерлері жапай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілерден білген.
Бұл ақпаратты Алматы полиция департаментіне берген.
ЛА - 155/18 мекемесінің жедел бөлім қызметкерлері қалалық ПД офицерлері мен Медеу ауданы ПБ бірлесіп, орман алқабынан қару-жарақ көмілген орынды тапқан.
Полицияның мәліметінше, фигурант қару жасырынған орынды тез табу үшін ағашқа белгі қалдырған. Табылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер шүберекке оралған.
Тәртіп сақшылары тапанша, шолақ мылтық, патрондар, гранаталар мен түтіндету құтысын тәркілеген.
"Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабымен тергеу басталан. Сондай-ақ, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956865-medeuge-barar-zoldan-qaru-zaraq-arsenaly-tabyldy-foto/