Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Даусыңды сақтап қойдым": Журналист қаңтар оқиғасында көз жұмған офицер күйеубаласына қимастық сезімін жеткізді

Жарияланған күні:

Жандос Жағалбаев
Фото: Instagram/zhazirabegaly_tv

Тележурналист Жазира Бегалы қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда көз жұмған күйеубаласы - шекара қызметінің аға офицері, капитан Жандос Жағалбаевқа жантебірентерлік жазба арнады. Журналист ауыр қазадан 40 күн өткен соң марқұм күйеубаласынан аумай қалған жиені дүниеге келгенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде Шекара қызметінде қызмет еткен 27 жастағы капитан Жандос Жағалбаевтың қайтыс болғанына 40 күннен асты. Осыған байланысты журналист Жазира Бегалы өзінің желідегі парақшасында жантебірентерлік жазба арнап, естелік видео жариялады.

"Күйеубаламның мәңгілік мекеніне кеткеніне 40 күн. Оның таудай армандары, мақсат-жоспарын жүзеге асыратын кішкентай құлыншағы 40 күннен кейін мына жарық дүниеге іңгәлап келді. 40 күн, 40 түн бойы "Мама , олар сізге жалған ақпарат айтты, мен келдім. Боташка қайда? ", деп Жандосым есігімді қағып келер деген үмітімді кеше бейітіңнің басында жоғалтып алдым. Ешқайсысы бұл фәниде сені жоқ деген сөзге сенбейді. Қимастық сезіммен арпалысқан алдамшы үміттен айырылған азап екен. Алланың ісі деп өзімізді жұбатамыз. Жаның жаннатта болсын", - дейді Жазира Бегалы. ", - деп жазды ол.

Журналист күйеубаласынан аумай қалған жиені жарық дүниеге келгені жұбаныш болғанын айтады.

"Өзіңнен аумай қалған балапаныңды көргенде қуандық. Сенің телефондағы аудиожазбадағы дауысыңды сақтап қойдым, балам. Бақұл бол. Өз кәсібіңе адал болдың. Бірақ дәл осылай бейбіт күнде оқ атылып, өзіңнен айырылу біз үшін орны толмайтын ауыр қаза. көргенде қуандық. Сенің телефондағы аудиожазбадағы дауысыңды сақтап қойдым, балам. Бақұл бол. Өз кәсібіңе адал болдың. Бірақ дәл осылай бейбіт күнде оқ атылып, өзіңнен айырылу біз үшін орны толмайтын ауыр қаза", - деп жазды журналист.

Айта кетейік, президент жарлығымен шекара қызметінің аға офицері Жандос Жағалбаев қайтыс болғаннан кейін II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956910-dausyndy-saqtap-qoidym-zurnalist-qantar-oqigasynda-koz-zumgan-oficer-kuieubalasyna-qimastyq-sezimin-zetkizdi-video/