Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 72 жастағы әжей екі аптадан бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Әжей
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда қаласында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 72 жастағы әйел екі аптадан бері табылмай жатыр. Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда қаласында тұратын қария 7 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу жариялады.

"Азаматшаның ерекше белгілері: бойы: 1,55-1,60 см, арық денелі, қара торы келген, шашы ақ, қысқа, көзі – қоңыр. Үстіне қоңыр түсті көйлек, қоңыр түсті жемпір, аяғына қара түсті галош киген. Ақ түсті орамалы бар.

Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар беруді сұраймыз.

Тел: 8(7242) 29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғу қажет", - деп жазылған полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957001-qyzylordada-72-zastagy-azei-eki-aptadan-beri-tabylmai-zatyr/

pixel