Елдегі эпидахуал: "қызыл" аймақта тек екі өңір қалды
Опубликовано:

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазақстанның бірнеше өңірінде коронавирустың таралуы бойынша жағдай жақсарған, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, "қызыл" аймақта тек екі өңір қалып отыр: Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы.
Ал "сары" аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.
Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары "жасыл" аймаққа енген.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфециясын жұқтырғандар саны 627-ге дейін төмендеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957020-eldegi-epidaxual-qyzyl-aimaqta-tek-eki-onir-qaldy/