Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі қылмыс жиі болатын өңірлерді атады

Опубликовано:

түрме
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов елімізде қылмыс жиі тіркелетін өңірлерді атады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Дәурен Қозыбақов онлайн брифингте ішкі істер министрлігі елімізде ахуалды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша бірқатар шара қабылдап жатқанын еске салды.

"Жеке құрам ерекше режим жағдайында қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда. Барлық елді мекендерде патрульдеу жасақтары күшейтілген. Елдің барлық аймақтарында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Мақсаты – жедел ахуалды сауықтыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою", - деді ол.

Министрлік дерегінше, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы барысында 13 мыңнан астам қылмыс тіркелген.

Оның ішінде 1 мыңнан астам қылмыс қоғамдық орындарда және 260-ы көшеде болған.

Қылмыс жиі жасалатын өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы - 1 454,
  • Алматы қаласы - 1 315,
  • Алматы облысы - 1 227,
  • Қарағанды облысы - 1 118,
  • Шымкент қаласы - 1 1086
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 1005.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957089-iski-ister-ministrligi-qylmys-zii-bolatyn-onirlerdi-atady/

pixel