Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтар - менің бауырларым": Бешбармақты бабына келтіріп дайындаған орыс қызы көпшілікті сүйсінтті

Жарияланған күні:

Каролина Моисеенко
Фото: instagram.com/karolinna.ru

Ресейдің Волгоград облысындағы алыс ауылдардың бірінде тұратын Каролина Моисеенко танымал блогерлер қатарына қосылып келеді. Өзі тауық, қаз, ешкі бағып, ауыл өмірін бүкпесіз көрсететін бойжеткен қазақтар туралы да жиі жазып тұрады. Ал оның бешбармақ дайындаған сәті желіде тез таралды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Каролина Моисеенко педагогикалық бағытта білім алған. Тіпті, осы салада Мәскеу университеттерінің бірінен магистр атағын да алып шығады.

Дегенмен, бойжеткенді үнемі ауыл өмірі қызықтыратын. Ол оқуын аяқтаған соң, туған жеріне оралып, түкпірдегі ауылдың қызықтарымен бөлісе бастайды.

Әсіресе, өзінің сүйікті қазы - Гриша мен жақсы көретін ешкісі - Тося туралы түрлі видеоларды желіде жариялап, тауықтарын да халыққа жиі көрсетіп тұрады.

Ал өз ауылында тұратын қазақтармен бірлесіп, басына тақия киіп дайындаған бешбармағы желіде тез таралып кетті.

"Қазақтар менің бауырларым. Ауылдағы тұрғындардың 80 пайызы - қазақтар. Егер Мәскеуде бір қазақты кездестіріп қалсам, оны құшақтап, әңгімелесе жөнелем. Кейін ол да біздің Волгоградтан болып шығады. Менде неге бұлай? Өйткені, мен бала күнімнен қазақтармен бірге өскенмін", - дейді Каролина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957144-qazaqtar-menin-bauyrlarym-besbarmaqty-babyna-keltirip-daiyndagan-orys-qyzy-kopsilikti-suisintti-video/