Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында салмағы жарты тонна бомба табылды

Опубликовано:

Бомба
Фото: Хабар 24

Жамбыл облысында салмағы жарты тонна бомба табылды. Ол жарылған жағдайда радиусы 200 метр қашықтыққа дейінгі аралықты тып-типыл етуі мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Жойқын жарылғыш қару Байзақ ауданындағы құмды алқаптан шықты. Оны жергілікті тұрғын темір-терсек іздеп жүріп тауып алып, полицияға хабар берген көрінеді.

Мамандар оның 1962 жылы шығарылған "ФАБ 500м-62" авиациялық бомба екенін анықтады.

"Бомбаны одан әрі залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп полигонға алып кетті. Полицияға қауіпті әскери құрал туралы хабарлаған ер адам марапаттауға ұсынылды",- деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957169-zambyl-oblysynda-salmagy-zarty-tonna-bomba-tabyldy/

pixel