Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылатпаймын деді": Араб жігітіне тұрмысқа шыққан шымкенттік бойжеткенге күйеуі үш бөлмелі пәтер сыйлады

Опубликовано:

Динара Мұсабаева күйеуі Сұлтанмен
скриншот: instagram.com/dinara_designer33/

Кентау қаласында дүниеге келген Динара Мұсабаева араб жігітімен көңіл қосып, желіде кеңінен танылған болатын. Ол оқырмандарға өзінің махаббат хикаясын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динараның мамандығы - дизайнер. Ол 1992 жылы дүниеге келген. Сүйікті жары, саудиялық Сұлтанмен Эр-Рияд қаласында танысады. Айтуынша, екеуі бір-бірін тез ұнатып қалған.

"Сұлтанмен танысқан соң, оның қыз баласын құрметтейтінін байқадым. Өйткені, ол жеті қыздың ішіндегі жалғыз ұл. Сол ұл маған бұйырып тұр екен. Жаным сол, сонау Сауд Арабиясынан келіп, мамам мен ағамнан қолымды сұрап, әкемнің рухына құран бағыштады. Эльвира екеумізді жылатпаймын деп әкеме сөз берді. Мен көз жасымды тоқтата алмадым", - деп жазды Динара өзінің Instagram парақшасында.

Динараның 9 жасар қызы бар. Бойжеткен әлеуметтік желіде араб жігітіне тұрмысқа шыққан соң тез танылды. Сүйіктісі Динараның анасына он миллион теңге қалыңмал берген болатын.

Жақында Динараға сүйіктісі Сұлтан тағы да үлкен сыйлық берді. Ол мәһр ретінде Шымкенттен үш бөлмелі пәтер алып берген.

"Анам қалыңмалға берген ақшаны қосты. Бізді қолдағаныңызға рахмет", - деді ол.

Динара Мұсабаева өзін араб жігітіне тұрмысқа шыққаны үшін сөккен адамдарға көңіл аудармайтынын жеткізді. Ол өз өмірінің иесі екенін айтып, қандай таңдау жасаса да өз жүрегіне сенетінін жасырмады.

Әзірге жас жұбайлардың қайда тұратыны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957217-zylatpaimyn-dep-uade-berdi-arab-zigitine-turmysqa-syqqan-symkenttik-boizetkenge-kuieui-us-bolmeli-pater-syilady/

pixel