Семей қалалық полиция басқармасына жаңа бастық тағайындалды

Опубликовано:

Ернар Базаров
Фото: obvk.kz

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Семей қалалық полиция басқармасының жаңа бастығы болып Ернар Базаров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарманың жаңа бастығын ұжымға ШҚО полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков таныстырды.

"Ернар Базаровты білікті маман, тәжірибелі басшы деп есептеймін. Ол өзіне жүктелген тапсырмаларды орындай алады. Барша әріптестеріме оған қолдау білдіруді сұраймын", - деді ол.

Ернар Мейрамбекұлы 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жол полициясында түрлі қызметтерді атқарған. Семей қалалық ІІБ тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Ал осы уақытқа дейін ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957283-semei-qalalyq-policiya-basqarmasyna-zana-bastyq-tagaiyndaldy/