Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды
Опубликовано:

Алматыда қаланың орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексерді.
Импровизацияланған орыннан 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, "Beretta Xtreme", "Tikka T3x", "Gamo FS 10x igt", "Sako TRG".
Тәркіленген қарудың нақты тиесілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталады.
Сонымен қатар, бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957343-almatynyn-ortalygynda-qaru-zaraq-saqtalgan-oryn-tabyldy/