Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке сот орындаушылар жұмысындағы кемшіліктер белгілі болды

Опубликовано:

сот орындаушысы
Көрнекі фото: pexels.com

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының басқарма төрағасы Ернар Ибраев жеке сот орындаушылар жұмысындағы кемшіліктерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол жеке сот орындаушылары жұмысында кемшіліктер бар екенін мойындады.

Сонымен қатар, жекелеген мемлекеттік органдар тарапынан атқару жүйесіне әсер ететін кемшіліктер де бар, дейді Ернар Ибраев.

Оның сөзінше, 2021 жылы 44 742 төленген айыппұл және 52 589 төленген салық жеке сот орындаушыларға орындау үшін түскен. 

"Ол дегеніміз істі қозғап, шара қолданғаннан кейін сот орындаушылардың үстіне 100 000-ға жуық азаматтардан  түскен шағымы, ал алдын ала сот орындаушыға төленген-төленбеген айыппұлды тексеруге мүмкіндік жоқ. Негізгі мәселе - бюджетке сомалардың түсу фактілерін тіркейтін бірыңғай электронды жүйенің жоқтығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің қолданыстағы ақпараттық жүйесінде кемшіліктер бар, - деді Ибраев. 

Ол атағандай, осылайша, төленген айыппұлдар орындау үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің арқылы түспейді деп болжанған, себебі жүйе барлық екінші деңгейдегі банктермен мен біріктірілген. 

Алайда тәжірибе керісінше, дейді жеке сот орындаушылар палатасының басқарма төрағасы.

Ибраевтың айтуынша, осы мәселелерді шешу үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі және біріктірілген салықтық ақпарат жүйесі төленген айыппұлдар мен салықтардың бағытын алып тастау бөлігінде тиісті жұмыстарды жүргізу және барлық әкімшілік тәжірибенің мемлекеттік органдарына атқарушылық құжаттарды әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі арқылы жіберуді қамтамасыз ету қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957440-zeke-sot-oryndausylar-zumysyndagy-kemsilikter-belgili-boldy/

pixel