Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтық бойынша сотталған әйел Павлодар облысы әкімдігінде басшылық қызмет атқарып жүр

Опубликовано:

Павлодар облысы әкімдігінде бұрын сотталған әйел қызмет атқарады
Илюстрациялық сурет: https://pixabay.com

Әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы жайлы ақпарат пайда болды. Жарияланған мәліметке сүйенсек, шенеунік әйел бұрын алаяқтық бойынша сотталған екен. Оған қатысты 2010 жылы Семейде үкім шығарылғаны да айтылады. Өңір әкімдігін аталған жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шок Типичного Павлодара" Telegram арнасында Айгүл Қасымбаева Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімінде жұмыс істейтіні туралы жазылған.

Алайда сот кеңсесінде жоғарыда аталған шенеунік әйелмен аты-жөні бірдей азаматшаның 2010 жылы Семейде алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы құжат табылды.

"Қылмыстық Кодекстің 63-бабы негізінде Қасымбаева Айгүл Зайноллақызына тағайындалған жаза 2 жылға сынақ мерзімімен шартты деп есептелсін", - делінген жазбада.

NUR.KZ тілшісі сот кеңсесінде расымен де Семейде Айгүл Қасымбаеваға қатысты шығарылған үкім барын анықтады.

Онда ірі мөлшерде мемлекеттік сатып алулармен алаяқтық фактісі бойынша айып тағылғаны көрсетіледі.

Ол уақытта Айгүл Қасымбаева мемлекеттік медицина орталығында бас бухгалтер қызметін атқарған. Оған қоса мемлекеттік қызметте істеуге қатысты тыйым салу туралы қосымша шара қарастырылмапты.

Павлодар облысы әкімдігінің бірыңғай персоналды басқару қызметі Айгүл Қасымбаеваның сотталғанынан хабардар екенін мәлімдеді.

Айгүл Қасымбаева 2020 жылдың қазан айынан бастап әкім аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы болып жұмыс істейді және оның жұмыстан шығарылуына ешқандай себеп жоқ көрінеді.

"Мемлекеттік қызмет туралы " Заңның 16-бабына сәйкес, соттылығы бар, мемлекеттік қызметке кірген кезде Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған азамат мемлекеттік қызметке қабылданбайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес соттылығы өтелді, 2017 жылы ол арнайы тексерудің оң нәтижелерінен кейін алғаш рет әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің персоналды басқару бірыңғай қызметінің басшысы Наталья Нефедова.

Ведомствода Айгүл Қасымбаеваның мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салуға заңды негіз жоқ екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957726-alayaqtyq-boiynsa-sottalgan-aiel-pavlodar-oblysy-akimdiginde-bassylyq-qyzmet-atqaryp-zur/

pixel