Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елдің қиын жағдайға тап болғанын пайдаланды": "Яндекс.Таксиге" айыппұл салынды

Опубликовано:

Такси қызметі
Көрнекі фото: pixabay.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин Сенат отырысында "Яндекс.Таксиге" қатысты жүргізілген тергеудің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз Яндекске сұрау салдық. Яндекс бізге ақпарат беруден бірнеше рет бас тартты, сәйкесінше, ақпарат беруден бас тартқаны үшін оларға әкімшілік айыппұл салдық. Оларға қандай көлемде айыппұл салынғанын нақты айта алмаймын. Менің білуімше, мұның бәрі қазір сотта қаралып жатыр. Бірақ компания бізбен ынтымақтасуға дайын, компания өкілдері шығып, өз тілектерін білдірді", - деді Жұманғарин.

Агенттік басшысы қазіргі сәтті қиын жағдай деп атады, өйткені Яндекспен бірлесіп жұмыс істейтін қазақстандық такси жүргізушілерінің мүдделерін ескеру қажет.

"Олар кірістен айырылғысы келмейді", - деді ол.

Сондай-ақ, ол биліктің "компаниямен не туралы сөйлесетінін білетініне" сендірді.

Серік Жұманғарин келіссөздерден кейін "Яндекс.Такси" қызметтерінің бағасының төмендеуі мүмкін бе деген сұраққа түсініктеме берді.

"Мұны қазір айта алмаймын, бірақ біздің міндетіміз "Адамдарға баға көтерілгенге дейін жоғары болып саналды ма? Әлде олардың көңіл-күйіне бағаның шарықтауы әсер етті ме?" деген сұрақтарға жауап беру болды.
Ел қиын жағдайға тап болды, компания осыны тиімді пайдаланды. Оның динамикалық баға қалыптастыру жүйесі, алгоритмі осылай жұмыс істеді. Шын мәнінде, оның осындай моральдық жағы бар. Сондықтан біздің міндетіміз – мұндай нәрселерді қандай да бір жолмен шектеу", - деп түйіндеді сөзін спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957733-eldin-qiyn-zagdaiga-tap-bolganyn-paidalandy-yandekstaksige-aiyppul-salyndy/

pixel