Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ломбард тонаған жігіттердің әрекеті видеоға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда ломбард тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары 24 және 20 жастағы Алматы облысының тұрғындары ломбард тонады деген күдікпен ұсталғанын растады.

Олар мегаполистің Алатау, Әуезов және Медеу аудандарында бақылау камераларына түсіп қалған.

"Күдіктілер ломбардқа кіріп, сатылымда тұрған ұялы телефондарды көрсетуді сұрап, қолдарына ұстай сала қаша жөнелген. Кейбір жерлерде олардың заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Қазіргі уақытта ұсталғандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың 5 дерегі дәлелденді", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Бүгінде аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Полицейлер ұсталғандардың бірі бұрын істі болғанын, осыған ұқсас қылмыспен жақында ғана абақтыдан жазасын өтеп шыққанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957769-almatyda-lombard-tonagan-zigitterdin-areketi-videoga-tusip-qaldy-video/

pixel