Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"25 градус аяз": Қыстың соңғы күндерінде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Құс
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, қыстың соңғы күндерінде республика бойынша жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Сондай-ақ, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі.

Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болуы ықтимал. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Ауа температурасы түнде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында -5 градус аяз бен +5 градус жылы арасында болуы мүмкін.

Елдің солтүстік-батысында -3-15 градус аяз, солтүстігінде -5-20 градус аяз болады деп болжануда.

Синоптиктердің дерегінше, шығыста және орталықта сынап бағанасы түнде -3-18 градустан -13-25 градус аязға дейін дейін төмендейді.

Ал оңтүстікте -8 градус аяздан +5 градусқа дейін, -5 градус аяздан +10 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957989-25-gradus-ayaz-qystyn-songy-kunderinde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel