Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент өзіне жүрекжарды тілек жолдаған жамбылдық оқушы қызға жауап берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне хат жазған Жамбыл облысының 2 сынып оқушысы Жібек Исабекке жауап қайтарды. Тіпті, президент кішкентай қызға ноутбук сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жібек Исабек Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылындағы тұрады. Жуырда ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жүрекжарды тілегін жазған.

Сабақ үлгерімі жақсы, озат оқушылардың бірі –Жібектің хаты мемлекет басшының қолына тиген.

"Маған жолдаған ыстық лебізің үшін рахмет. Сенің ертеңгі күні үлкен азамат болып өсіп, еліміздің парасатты перзенті атанатыныңа кәміл сенемін. Біздің бүгін қолға алып жатқан жұмысымыздың барлығы да жарқын болашағымыздың иесі – өздеріңе арналады.

Сондықтан сабағыңды үздік оқып, ұстаздарың мен анаңның берген тәлім-тәрбиесін бойыңа сіңіріп, мақсатқа ұмтылудан жалықпа. Отбасыңның қашан да мақтанышы болып, жетістіктерге жете бер, айналайын! Анаң мен бауырыңа менен сәлем", - деп жауап берген президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы оқушыға ноутбук тарту еткен.

Сонымен қатар, хаттың иесін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қабылдап, Жібекке смартфон мен кітап сыйлаған.

Фото
Фото: Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958047-prezident-ozine-zurekzardy-tilek-zoldagan-zambyldyq-oqusy-qyzga-zauap-berdi/

pixel