Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Билікті өз қолдарыңа алыңдар": Путин украиналық әскерилерге үндеу жасады

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин РФ қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен өткізген жедел отырысында Украинадағы әскери операцияны талқылап, украиналық әскерилерге үндеу жасады.

Ресей президентінің сөздерін РИА Новости жариялады.

"Украиналық әскерилерге тағы да үндеу жасаймын. Неонацистер мен бандериттерге сіздердің балаларыңызды, әйелдеріңіз бен қарияларыңызды тірі қалқан ретінде қолдануға жол бермеңіздер. Билікті өз қолдарыңа алыңдар. Украиналық халықты тұтқынға алған Киевтегі наркомандар мен неонацистерге қарағанда сіздермен келісу бізге анағұрлым оңай болатын көрінеді", - деді Путин.

Оған қоса, РФ президенті ресейлік әскердің әрекеттеріне жоғары бағасын берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958067-bilikti-oz-qoldaryna-alyndar-putin-ukrainalyq-askerilerge-undeu-zasady/

pixel