Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірінші наурызда бүкіл Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

Жарияланған күні:

Дабыл
Көрнекі фото: Stephen Tjipto Hartono/Getty Images

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 1 наурызда азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Тексеріс сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жүргізіледі.

"Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы болып табылады.

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді", - делінген хабарламада.

"Баршаның назарына!" дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаны берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

"Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек. Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады", - дейді құтқарушылар.

Министрліктің хабарлауынша, құлақтандыру жүйесін тексерудің мақсаты - жабдықтарды әзірлікте ұстау және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958130-birinsi-nauryzda-bukil-qazaqstan-boiynsa-dabyl-zuiesi-iske-qosylady/