Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ өкілі: Украина шекарасында тұрған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жетті

Опубликовано:

кептелісте тұрған көліктер
Фото: Айбек Смадияровтың Facebook-тегі парақшасынан алынды

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинада кептелісте тұрған қазақстандықтардың жартысы шекарадан өтіп, аман-есен Польшаға жеткенін хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кеше ғана БАҚ-қа арналған брифингте айтып өткенімдей, ҚР азаматтары бар бірнеше автобус шекараға қарай жолда көлік кептелісінде тұрды. Олардың жартысы шекарадан өтіп, аман-есен Польшаның аумағында, азаматтарымыздың екінші тобы келгенше қонақ үйге орналастырды", - дейді Айбек Смадияров.

Сонымен қатар, ол Киевтегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері күні-түні тынбай жұмыс істеп жатқанын да атап өтті.

"Соңғы бірнеше күн бойы әлемнің назары Украинада. Біздің Киевтегі елшіліктің қызметкерлері күні-түні жұмыс істеуде. Қазақстанның азаматтарына көмек көрсетіп қана қоймай, орналасқан елдеріндегі жағдай жөнінде өзекті ақпаратты да жіберіп тұрады.

Шұғыл ақпарат алмасу, туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында әрине белгілі бір мессенджерде жұмыс чатын аштық. Сол чатта бірге қуанып, бірге күрсініп жатамыз. Украинадағы әріптестерімізге сұрақтарды жаудырып, сол тұрған жерінде жауап бер деп жазатынымыз да бар", - дейді СІМ өкілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айбек Смадияров қазақстандықтар мінген 3 автобустың Украина шекарасында кептелісте тұрғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958210-sim-okili-ukraina-sekarasynda-turgan-qazaqstandyqtardyn-zartysy-polsaga-zetti/

pixel