Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада 50 қазақстандық жүк көлігінің жүргізушілері қалып қойды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Украинада қалып қойған қазақстандық алысқа қатынайтын жүргізушілер "Атамекен" ҰКП-ға орналасқан жері туралы нақты деректер жолдап жатыр. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының ресми Telegram-каналында хабарланды.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Кәсіпкерлер палатасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда жүк көліктерінің 50 жүргізушісі орналасқан жері туралы деректерін жіберген. Олардың көпшілігі көліктерін тастап, елден шыға алмай жатыр. Себебі, көліктерде тиелген жүк бар.

"Блокпосттар, жарамсыз күйге түскен жолдар мен көпірлер... Көлік жүргізушілері орналасқан жерінің координаталарын жіберуді тоқтатар емес", - делінген хабарламада.

Ұлттық палата өкілдерінің айтуынша, 25 ақпанда ҰКП Сыртқы істер, Сауда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне отандық жүргізушілерге арнап "жасыл дәлізді" қамтамасыз ету мәселесін ресейлік, беларусь, украиналық, польшалық және өзге де тараптармен бірлесе қарастыру туралы хат жолдады. Палата қазіргі таңда Украина аумағында қалып қойған алысқа қатынайтын жүргізушілерге үндеу тастады.

"Егер сіз немесе сіздің компанияңыздың жүргізушісі Украинадан шыға алмай жатса, өзіңіз туралы деректерді +7 778-870-1432 (ҰКП call-центрі) нөміріне жолдаңыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958229-ukrainada-50-qazaqstandyq-zuk-koliginin-zurgizusileri-qalyp-qoidy/