"15-20 градус жылы": Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады.
Дегенмен, 4 наурызда елімізде жаңбыр жауып, ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде.
Метеорологтардың болжамынша, солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта 0-5 градусқа дейін жылы болса, ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК көктем мезгіліне арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялаған еді.
Мамандардың дерегінше, наурыз айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, ал Қазақстанның солтүстік-батысында нормадан артық болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958925-15-20-gradus-zyly-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/