Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер көктемде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

Жарияланған күні:

Көктем
Көрнекі фото: Pexels com

"Қазгидромет" РМК алдағы көктем мезгіліне арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, наурыз айында орташа температура республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градус жоғары, Батыс Қазақстан мен Атырау облысының солтүстік-батысында нормаға жуық болады деп күтілуде.

Ал сәуір айында еліміздің барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1 градус жоғары болмақ. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығысында норма шамасында болады деп болжануда.

Алайда мамандар көктемде синоптикалық процестер өте тұрақсыз болады деп болжап отыр. Яғни, солтүстік өңірлерде қарлы боран, оңтүстік аймақтарда аяз болуы мүмкін.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы көп жылдық нормаға жуық болады деп күтілуде. Дегенмен мамырда бірқатар облыста, әсіресе солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасы климаттық нормадан 1 градус төмен болуы ықтимал.

Наурыз айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, ал Қазақстанның солтүстік-батысында нормадан артық болады деп күтілуде.

Ал сәуірде жауын-шашын мөлшері еліміздің батысында, қиыр солтүстігінде, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы, тау бөктерлі аудандарында нормадан аз болмақ.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Жамбыл облысының солтүстік-батыс жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында нормадан аз болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956321-sinoptikter-koktemde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/