Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасы қазақ": Пәкістанға келін атанған ақтаулық бойжеткен туралы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Айнұр Рахметова
скриншот: instagram.com/rakhmetovaainn/

Ақтаулық блогер Айнұр Рахметова Instagram қолданушыларына жақсы таныс. Бүгінде Айнұр пәкістандық жігітке тұрмысқа шығып, бақытты жар атанып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айнұр 2016 жылы Алматы қаласына оқуға түскен. Осы уақытқа дейін ол түрлі жұмыстан бас тартпай, еңбек жолында біраз қиындықтардан өтеді. Көп ұзамай ол жолдасы Адылмен танысады.

"Адылмен оқып жүргенде таныстым. Оның анасы қазақ. Өзі Алматыға 2015 жылы келіп, қалып қойған. Америкада маркетинг саласын екі жыл оқыдым. Кредит алып, ақша жинап, білім алдым. Әкем мен анам ажырасқан. Арада 15 жыл өткен соң ғана әкеммен кездестім. Үйде анамнан бөлек, сіңлім бар.Күйеуіммен бес жыл кездесіп, қыз-жігіт боп жүрдік. Үйлену туралы ұсыныс тастағанына көп болды, бірақ оқуымды айтып, кейінге шегеріп жүрдім", - дейді Айнұр.

Былтыр Айнұр мен Адылдың үйлену тойы өтті. Тойда барлық қазақ дәстүрлері сақталған.

Жас жұбайлар саяхаттағанды жақсы көреді. Сондай-ақ, Айнұрды Пәкістан елінің ұлттық киімімен жиі байқауға болады.

Әлеуметтік желіде Айнұр күйеуіне қазақ тілін үйреткен видеоларын да жариялап тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958965-anasy-qazaq-pakistanga-kelin-atangan-aqtaulyq-boizetken-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel