Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ақылы жол бойында бұзылып қалған көліктерді эвакуатор тегін жеткізіп береді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Елімізде ақылы жол бойында бұзылып қалған көлікті эвакуатор баратын жеріне дейін тегін жеткізіп береді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары Сәкен Әділбеков айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Егер сіздің көлігіңіз ақылы жол бойында сынып қалған жағдайда, біз оны бара жатқан жеріңізге тегін жеткізіп беретін боламыз. Яғни ақысыз эвакуациялаймыз. Бұл мәселе қазіргі уақытта қаралып жатыр. Аталған шара жоспар бойынша осы жылы іске қосылмақ.

Қосымша хабар беріледі. Негізі жолда бұзылып қалған немесе жол-көлік оқиғасына тап болған көліктерді эвакуациялау бұған дейін де бар қызмет. Оқыс оқиға болған жағдайда біздің мамандар үнемі қол ұшын созады", - дейді Сәкен Әділбеков

Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" компаниясының өкілі ауа райына байланысты ескертуге құлақ аспай, жолға шығатын көлік жүргізушілеріне айыппұл салу мәселесіне қатысты да өз ойын айтты.

"Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Неліктен? Өйткені біз үшін бастысы адамдардың қауіпсіздігі. Жолаушылардың өмір қауіпсіздігі бірінші орында. Сол себепті жолға шығар алдында ауа райына мән беріп, қолайсыз болған жағдайда сапардан бас тартуға кеңес береміз. Егер аталған шара заң аясында қабылданып жатса құба-құп қолдаймыз", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959146-elimizde-aqyly-zol-boiynda-buzylyp-qalgan-kolikter-tegin-evakuaciyalanady/

pixel