Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі коронавирустық станционардан соңғы науқас емделіп шықты

Опубликовано:

Шымкент
Фото: Хабар 24

Шымкентте эпидемиялогиялық ахуал ушыққан тұста пайдалануға берілген модульді жұқпалы аурулар госпиталі жабылды. Станционарда коронавирустан ем алып жатқан соңғы науқас бүгінде жазылып үйіне шыққан, деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның хабарлауынша, 200 орынға лайықталған стационарда соңғы екі жылда он мыңға жуық науқас ем алып шыққан.

Қазіргі таңда Шымкентте коронавирус жұқтырған науқастардың саны едәуір азайып, стационар жабылып, сол жерде қызмет еткен медицина қызметкерлері бастапқы жұмыстарына орала бастаған.

Ал стационардан емделіп шыққан соңғы науқас 70 жастағы әжей.

Енді коронавирус жұқтырған шымкенттіктер болса, олар қалалық инфекциялық ауруханада ем алатын болады.

"Бүгінгі күні Шымкент қаласы коронавирус инфекциясы бойынша "жасыл" аймаққа өтті. Ауруханаға жүгінетіндер саны едәуір азайды. Осыған байланысты Асар шағын ауданында орналасқан қалалық инфекциялық станционарды немесе модульдік госпитальді уақытша жабу туралы шешім қабылданды", - деді Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Ағабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959278-symkenttegi-koronavirustyq-stancionardan-songy-nauqas-emdelip-syqty/

pixel