Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы қоғамдық орындарда 3 мыңнан аса камера орнатылды

Опубликовано:

жол көлік оқиғасы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда адамдар жаппай жиналатын жерлерде үш мыңнан астам камера орнатылады. Бұл туралы бүгін бюджетті нақтылау жөніндегі мәслихат сессиясында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша алматылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімде полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы қалпына келтіріліп қана қоймай, нығайтылатын болады.

Осы мақсаттарға бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде 1,7 млрд – арнайы көлікке, 701 млн – материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінеді. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл адамдар көп жиналатын жерлерде және Алматының әлеуметтік нысандарында 3050 камераны қосу жоспарлануда.

Осы мақсаттарға 751,9 млн теңге жұмсау жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959289-almatydagy-qogamdyq-oryndarda-3-mynnan-asa-kamera-ornatyldy/

pixel