Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында қолына қару ұстаған әкім видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Қолына қару ұстаған әкіи видеоға түсіп қалды
скриншот: www.youtube.com

Әлеуметтік желіде жанармай құю бекетінің аумағында иттерге оқ атып жатқан ер адамның видеосы тарап кетті. Кадрдағы ер адам Тасқала ауданына қарысты Достық ауылдық округінің әкімі Хафиз Ахметов деген ақпарат та айтылуда. Бейнежазбаға қатысты Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба Орал-Саратов тас жолы бойында орналасқан жанармай құю бекетінде түсірілген.

Санаулы уақыттың ішінде видео әлеуметтік желіде тарап, желі пайдаланушылары қызу талқыға салды. Өйткені, желі қолданушылары кадрдағы ер адам Достық ауылдық округінің әкімі деген болжамдарын жазды.

Желі қолданушылары видеоға: "Қолында билігі мен қаруы бар адам айналаға қауіпті", "Оған барлығы рұқсат етілген. Ақша төлеп, жылы жауып қояды", "Балалар үшін қорқамын. Қаңғыбас иттер өте көп", - деген сынды пікірлер қалдырған.

Бейнежазбаға қатысты Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді.

"2 наурыз күні 56 жастағы ер адам пневматикалық мылтықтан қаңғыбас иттерге екі рет оқ атқан. Көру қабілеті нашар болғандықтан, ол жануарларға дөп тигізе алмады. Аталған факті Тасқала аудандық полиция бөлімінде тіркелді
Ер адамның іс-әрекетінде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ екендігі анықталды. Материал Тасқала ауданының әкімдігіне тәртіптік комиссия отырысында қарау үшін жіберілді", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959304-batys-qazaqstan-oblysynda-qolyna-qaru-ustagan-akim-videoga-tusip-qaldy/

pixel