Павлодар облысында әскерге дәстүрлі емес жыныстық бағдардағы қанша жігіт шақырылды

Опубликовано:

Сарбаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өздерін дәстүрлі емес жыныстық бағдардағы адамдар қатарына жатқызатын әскерге шақырылушылардың санын атады. Олардың әрқайсысының кім екені белгілі. Дегенмен олар іздеуде жүргендіктен әскерге алып кете алмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жақында Қазақстан Қорғаныс министрлігі жыныстық азшылық өкілдері басқалар сияқты азаматтар екенін мәлімдеді, сондықтан олардың мерзімді әскери қызмет өткеруіне ешқандай құқықтық кедергілер жоқ. Бұл ақпаратты Павлодар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті де растап отыр. Ведом

Ведомство оларға әскери борышын өтеуге тыйым салуға ешкімнің құқығы жоқ екенін айтқанымен, бұл қатардағы жігіттердің медициналық комиссиядан өтуіне күмән білдірді.

"Біріншіден, Павлодар облсында оларды әскерге шақырылушылардың арасынан саусақпен санауға болады. Екіншіден, өз өңіріміз бойынша нақты айтатын болсақ, олардың саны үшеу, бәрі іздеуде. Облыста емес.

Нұр-Сұлтанда, Алматыда шығар. Негізінен, мұндай шақырылушылар денасаулық жағдайына байланысты жарамсыз болады деп ойлаймын. Психолог, психиатрлар оларды өткізбеуі мүмкін", - деді Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы Бауыржан Есімов.

Өңірдің бас әскери қызметкері мұндай жастардың моральдық-іскерлік қасиеттері бойынша тексеруден өте алатынына сенімді емес.

Ал көктемде Павлодар облысынан 700-ден астам адам әскерге шақырылуға тиіс. Оның ішінде 130 жігіт Шекара қызметіне, 280-і Қарулы Күштерге, 300-ге жуығы Ұлттық Ұланға, үшеуі Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959358-pavlodar-oblysynda-askerge-dasturli-emes-zynystyq-bagdardagy-qansa-zigit-saqyryldy/