Тұман мен көктайғақ: Еліміздің 10 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстандық синоптиктер 5 наурызға ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар елдің 10 өңірінде дауылдық ескерту жариялап отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында белгілі болды.
Атап айтсақ, 5 наурызда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде 25 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында 5 наурызда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Ал Қостанай облысының батысында және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында күндіз жауын-шашын (көбіне жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман болуы мүмкін.
Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, орталық бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың орталығында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында күндіз жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Семей қаласында күндіз жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады.
5 наурызда Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.
Бүгін түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ал Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды қаласының өзінде түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
2022 жылдың 5 - 7 наурыз аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында оң мәнді ауа температурасы мен қатты жауын-шашын болжамдарына сәйкес, қарқынды қар еру, баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
5 наурыз Атырау облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың батыста, шығыста және орталығында екпіні 23-28 м/с. Атырау қаласында 5 наурыз батыстан жел соғады, 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Ал Нұр-Сұлтан қаласында 5 наурызда кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ал Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959390-tuman-men-koktaigaq-elimizdin-10-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/