Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы 28 Панфиловшы саябағын вандалдар бүлдіріп кеткен (фото)

Опубликовано:

Саябақ
Фото: zakon.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы 28 Панфиловшы саябағы да бүлінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, саябаққа Гоголь және Пушкин көшелерінің қиылысы жағынан кіретін жердегі 9 шаршы метр гранит плиталарға зақым келіп, кіреберстегі жазудың 5 әріпі ұрланған, одан бөлек, Мәңгілік алау алаңынан 2 әріп ұрланып, соғыс батырларының есімі жазылған 4 шойын ескерткіш бүлінген.

Ақпан айында мердігер ұйым қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Алайда 4 наурыз күні сағат 10:00-де Гоголь көшесі жағындағы кіреберісте тағы 2 әріптің ұрланғаны анықталған. Сонымен қатар, шойын ескерткіштердегі 8 тақтайша ұрланған.

Фото
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Одан бөлек, 5 наурызда Гоголь көшесінен кірер тұста тағы 2 қола әріптің жоқ екені белгілі болған.

Салдарынан 5,7 млн теңге шығын келген. Жоғарыда аталған фактілерді Алматы қаласының полиция департаменті тіркеген. Полиция саябақ аумағын күзетуді күшейткен.

Осы ретте, әкімдік қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын 22 наурызға дейін аяқтауға уәде беріп отыр.

"Тарихи ескерткіштер аумағында вандализм фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты қала әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жалпы қалалық мүлікке ұқыптылықпен және құрметпен қарауға шақырады", - делінген хабарламада.

Фото
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне аталған факті бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іс-шаралар кешенін жүргізу барысында қылмыстың мән-жайы мен кінәлілер анықталып, олар жауапкершілікке тартылатын болады. Тергеу барысы Алматы қаласы ПД басшылығының бақылауында", - дейді полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959516-almatydagy-28-gvardiyasyl-panfilovsylar-sayabagyn-vandaldar-buldirip-ketken-foto/

pixel