jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда 1 сәуірден бастап Kinopark кинотеатрлар желісі жабылуы мүмкін

Кинотеатр
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Kinopark & Kinoplexx компаниясының басшысы Алмас Малдыбаевтың үндеуі тарады. Онда Малдыбаев елімізде кинотетарлар желісі уақытша жабылатынын жеткізген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Малдыбаевтың үндеуін актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартуда.

1 сәуірден бастап бізде көрсететін ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark & Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз уақытқа мәжбүрлі түрде жабылады. Өкініп отырмын, бірақ бұл шындық", – деді Алмаз Малдыбаев.

Айта кетейік, компанияның ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, Kinopark & Kinoplexx - Қазақстанның барлық ірі қалаларын қамтитын Орталық Азиядағы ең ірі кинотеатр компаниясы. Кинотеатрлар желісі 2005 жылы құрылған. Қазіргі уақытта бұнда 72 зал және 10147 орын бар.

Қазақстанда 1 сәуірден бастап Kinopark кинотеатрлар желісі жабылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.