jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Еңлік Арықбай
Еңлік Арықбай
Бұрынғы қызметкер

Рудныйда жоғалған ер адам 20 жылдан кейін табылды

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Рудный тұрғыны жоғалып кеткен ұлын 20 жылдан кейін тапты. Жоғалған ер адамның өз жақындарына оралуына полицейлер көмектесті. Бұл отбасының тарихын брифинг барысында Қостанай облысы полиция департаменті миграциялық қызмет басқармасының аға инспекторы Чингиз Құрманғалиев бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Рудныйдың тәртіп сақшылары ресейлік әріптестерімен бірге 50 жастағы ер адамның тұрғылықты мекенжайын анықтады. Осыдан 20 жыл бұрын жоғалып кеткен ол қазіргі уақытта Красноярскіде тұрады екен. 

Із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның анасы оның 1991 жылы Красноярск өлкесіне оқуға кеткенін айтады. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы ұлынан еш хабар ала алмаған екен. Соңғы рет қонаққа 2002 жылы келіпті.

Ұлын таппай, амалы таусылған әйел көмек сұрап "Жди меня" бағдарламасына да барады.  

Ал қазір екі ел полицейлерінің жұмысының нәтижесінде туыстық қарым-қатынас қайта орнап отыр.

Өз кезегінде Рудный қаласының тұрғыны ұлын іздестіру кезінде кәсіби біліктілік танытқан тәртіп сақшыларына алғыс білдірді. 

Рудныйда жоғалған ер адам 20 жылдан кейін табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.