Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде Ақтөбе әуежайына қатысты шу шықты: Басқарма пікір білдірді

Опубликовано:

Жол
Фото: Kozachkov offside

Әлеуметтік желіде Ақтөбе әуежайына қатысты шу шықты. Онда ұшу және қону кезінде SCAT әуе компаниясының екі ұшағының зақымданғаны туралы айтылған. Әуежай басқармасының төрағасы Дастан Әлиев бұған қатысты пікір білдіріп, жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұшақтардың зақымданғаны туралы ақпарат Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, лайнерлер ұшу және қону кезінде зақымданды. Осыдан кейін елордадан арнайы комиссия Ақтөбеге аттанды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Ақтөбе әуежайы күрделі жөндеуден өткізілуі үшін жабылуы мүмкін екені айтылды.

Бұған қатысты "Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай" акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Дастан Малиев түсініктеме берді. Оның сөзінше, желіде тараған оқиға Ақтөбе-Нұр-Сұлтан және Ақтөбе-Алматы рейсінде болған.

"Мұның бәрі жасанды ұшу-қону жолағындағы ақаулықтардан болған. Оған нашар ауа райы әсер етті. Қазіргі уақытта жолақтың барлық кемшілігі шұғыл түзетілді", - деді Малиев.

Осы орайда басқарма төрағасы жасанды ұшу-қону жолағы күнде тексерілетінін жеткізді. Алайда толыққанды жөндеу шараларын өткізу үшін қолайлы ауа райы болуы керек, дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959894-aleumettik-zelide-aqtobe-auezaiyna-qatysty-su-syqty-basqarma-pikir-bildirdi/

pixel