jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Қызметінен босатылды
Фото: sud.gov.kz

Өткен жылдың желтоқсан айында істі болған Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сенатқа тиісті ұсынысты мемлекет басшысы енгізген. Президенттің ұсынысын Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп оқыды.

"Сіздерге мемлекет басшысының Мейрам Құрмашұлы Жанғұттиновты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді.

Құрметті депутаттар, сіздерді мемлекет басшысының Мейрам Құрмашұлы Жанғұттиновты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты қызметінен босату туралы ұсынысына қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз", - деді ол.

Сенат депутаттары аталған ұсынысқа қатысты шешім қабылдап, Мейрам Жанғұттиновты қызметінен босатты.

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.