Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында 2 апта бұрын жоғалған қатардағы жауынгерді әлі іздеп жатыр

Опубликовано:

Әскери қызметкерлер
Көрнекі фото: centralasia.media

Жамбыл облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Қатардағы жауынгер Бердішов Ұлықбек Айдарбекұлы "Андас батыр" шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші 2 наурызда жоғалып кеткен.

Бердішовті іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті мен полиция департаментінің күші жұмылдырылды.

Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сарбазға қатысты ақпарат белгілі болса, мына нөмірлерге хабарласуға болады:

110 (ҰҚК сенім телефоны), +7 7172 719458 (шекара қызметінің сенім телефоны).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960139-zambyl-oblysynda-2-apta-buryn-zogalgan-qatardagy-zauyngerdi-ali-izdep-zatyr/

pixel