Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елден шеттетілген екі шетелдік азамат аты-жөнін өзгертіп, Атырауға қайта келген

Опубликовано:

Әуежайдағы жолаушылар
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстаннан шеттетілген екі шетелдік азамат аты-жөнін өзгертіп, Атырауға қайтып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы мен "Іздестіру" акциясы өтіп жатыр.

"Аталған іс-шаралар кезінде Атырау қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі мен көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін Қазақстан Республикасының аумағынан 5 жылға шеттетілген шетелдікті ұстады.

Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматы өз еліне барып, жеке басын растайтын құжатындағы ақпараттарды өзгертіп, Қазақстанға кері келгені белгілі болды.

Ал, Әзербайжан Республикасының 53 жастағы азаматы да дәл осындай әрекетке барған. Ол 2018 жылы сот шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, еліміздің аумағынан шығарылған.

Алайда, еліне барған шетелдік төлқұжатын өзгертіп, биылғы ақпанда Атырауға қайта келген", -дейді көші-қон қызметінің бастығы Қадырбек Әбішов.

Оның айтуынша, елге кіру заңнамасын бұзған шетелдіктер кінәсін мойындаған.

Қазір екі шетелдік сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды.

Іс-құжаттар жинақталып, ел аумағынан шығару мақсатында заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960142-elden-settetilgen-eki-seteldik-azamat-aty-zonin-ozgertip-atyrauga-qaita-kelgen/

pixel