Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 119 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 10
  • Алматы қаласында - 33
  • Шымкент қаласында – 2
  • Ақмола облысында – 2
  • Ақтөбе облысында 3
  • Алматы облысында - 3
  • Атырау облысында - 2
  • Шығыс Қазақстан облысында - 7
  • Жамбыл облысында - 1
  • Батыс Қазақстан облысында - 9
  • Қарағанды облысында - 7
  • Қостанай облысында -11
  • Қызылорда облысында -1
  • Маңғыстау облысында - 0
  • Павлодар облысында - 9
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 19
  • Түркістан облысында - 0.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 304 220-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 032 адам аурудан жазылып шыққан.

11 наурыздағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 11 910 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 1 124 пациент стационарда, 10 786 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

95 адамның жағдайы ауыр, 30 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, қазір Қазақстанның барлық өңірлері коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960159-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/

pixel