Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік контейнерге соғылып, 17 жастағы жолаушы мерт болды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: kstnews.kz

Алматыда "Lexus RX-300" көлігі контейнерге соғылып, 17 жастағы жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы бүгін түнде шамамен сағат 00:10-да Сүмбіле көшесінде болған.

""Lexus RX-300" көлігінің жүргізушісі Сүмбіле көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, "Өжет" ықшам ауданында рөлге ие бола алмай қалған.

Ол жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылып, содан кейін инерциямен контейнерге "кіріп" кеткен.

Жол апаты салдарынан 17 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді", - деді Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960278-almatyda-kolik-konteinerge-sogylyp-17-zastagy-zolusy-boldy/

pixel