Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамағына көптеген пышақ жарақатын салған: БҚО-да әйелді өлтірген күдікті іздестірілуде

Опубликовано:

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Оралда 72 жастағы әйелді өлтіріп кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, оқиға 9 наурыз күні Зачаган кентіндегі жеке үйлердің бірінде болған.

Сағат 18.30-да зорлықпен өлтірілген 1950 жылы туған әйелдің денесі табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті оның тамағына көптеген пышақ жарақатын салған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне (Адам өлтіру) және 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аса ауыр қылмысты ашуға барлық жеке құрам жұмылдырылды. Оған қатысы бар адамдар тізімі жасалуда.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған қылмыстық іс департамент бастығының ерекше бақылауына алынды. Басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960281-tamagyna-koptegen-pysaq-zaraqatyn-salgan-bqo-da-aieldi-oltirgen-kudikti-izdestirilude/

pixel