Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшу-қону жолағының жабылуы: Ақтөбе әуежайы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ақтөбе әуежайы
Фото: baq.kz

Ақтөбе халықаралық әуежайы әуе айлағының штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті мұнда 17 наурыздан бастап ұшу-қону жолағы жабылатынын хабарлаған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазіргі таңда ұшу жолағында айтарлықтай ақаулар жоқ. Алайда, біз ең осал учаскелерді жедел жөндеуді жалғастырып жатырмыз.

Air Astana, SCAT және Qazaq Air әуе компаниялары ҰҚЖ жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты. Олар Ақтөбе әуежайында ұшуды тоқтатуды көздеп отырған жоқ", - деді Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайының басқарма басшысы Дастан Мәлиев.

Ол жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу және төсемнің белгілі бір учаскелерін ауыстыру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

"Ауа райы жөндеу жұмыстарын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, алайда күрделі ақаулар жойылып жатыр. 16 наурызға дейін әуежай ағымдағы жөндеу жұмыстарын жалғастырады. Азаматтық авиация комитеті ақауларды жою жөнінде нақты тапсырма берді. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз",- деді Мәлиев.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары Ақтөбе әуежайының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Ақтөбе әуежайындағы бүлінген жолақта ұшу-қону уақытында SCAT әуе компаниясының екі ұшағына зақым келгені туралы ақпарат тараған еді. Аталған жайтқа қатысты әуе айлағы басқармасының бастығы Дастан Мәлиев пікір білдірді.

Бүгін Азаматтық авиация комитеті Ақтөбе әуежайында анықталған ақауларға байланысты 2022 жылдың 17 наурызынан бастап ұшу-қону жолағы уақытша жабылатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960298-usu-qonu-zolagynyn-zabyluy-aqtobe-auezaiy-malimdeme-zasady/

pixel