Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда бюджеттен 400 млн теңге жымқырғандар сотталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Оралда бюджет қаржысынан 399 млн теңгеден аса ақша жымқыру фактісі анықталды. Нәтижесінде екі адам сот алдына келді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг жөніндегі агенттік ресми Telegram арнасында жазды.

Қылмыстық іске қатысушылар ретінде "Электромонтаж" АҚ филиалының директоры Сәрсенбаев пен Орал қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Исманов танылды.

Тергеу тұрғын үйлерді электрмен жабдықтауға арналған ақша ұрланғанын анықтады. Сот үкімімен қос күдікті де сотталды.

Қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Исманов Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі (Ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) бойынша 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алып, одан әрі мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

ҚМА залал сомасы толық өтелгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960307-oralda-byudzet-qarzysynan-400-mln-tenge-zymqyrgandar-sottaldy/

pixel