Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар көшкіні жүруі мүмкін": Шымбұлаққа көтерілетін автожол уақытша жабылмақ

Опубликовано:

Шымбұлақ
Көрнекі фото: malim.kz

"Қазселденқорғау" ММ ескертуі бойынша қар көшкіні жүру қаупіне байланысты Шымбұлаққа баратын автожол уақытша жабық болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың хабарлауынша, қар деңгейі әдеттегіден 30 сантиметрге жоғары.

Бүгін сағат 9:49-да Үлкен Алматы өзені бассейнінде 7 мәрте қар көшкіні тіркелген.

"Медеу мұз айдыны - Шымбұлақ тау-шаңғы кешені" автожолы бойында 11 қауіпті қар көшкіні жиыны орналасқан. Ол жердегі қар осы жолға түсетіндіктен, жол бойындағы көліктер мен жаяу жүргіншілер өміріне қауіп төндіреді.

Адамдардың өмірін сақтап қалу мақсатында Шымбұлаққа көтерілетін автожол көлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жабық болады.

Жыл сайын көктем кезінде қар көшкіні қаупі жоғарылайды, себебі қыс кезінде қар жиналып, көктем кезінде тау басында тұрақтай алмайды.

Көбіне қар көшкіні күндізгі уақытта, жылымық күндері тәулік бойы жүреді. Жағдай ушықққанда қар көшкіні едәуір қауіпті көлемде жүруі мүмкін.

"Қазселденқорғау" ММ-мен келісе отырып қалалық ТЖД жолдың ашылуы туралы қосымша хабарлайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960321-qar-koskini-zurui-mumkin-symbulaqqa-koteriletin-avtozol-uaqytsa-zabylmaq/

pixel